Атырау, 6 желтоқсан 19:05
 бұлттыВ Атырау -1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Қырғызстан электр қуатын Қазақстаннан алатын болды

2 815 рет қаралды

Қырғызстанның вице-премьер-министрі Равшанбек Сабиров 2020 жылы Қазақстаннан 500 млн киловатт-сағат электр энергиясын сатып алатынын жеткізді, деп хабарлайды zakon.kz Орталық Азияның жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Ол мұны 5 қарашада өткен Жогорку Кеңештің отырысында айтты.

"Қазір өзіміздің Тоқтағұл су қоймасында 14,7 млрд текшеметр су бар. Бұл былтырғы жылға қарағанда 2 млрд текшеметрге аз. Үкімет тапсырмасына сәйкес, Қазақстанмен 300 млн кВт/сағат электр энергиясын алмасамыз. Бұдан бөлек Қазақстаннан жылдың соңына дейін киловатт-сағаты 2,4 центке 500 млн кВт/сағат электр энергиясын сатып аламыз", - деді Равшанбек Сабиров.

Осыған дейін "Электр станциялары" кәсіпорны Тоқтағұл су қоймасында биыл су аз деп мәлімдеп келген. Жалпы бұл су қоймасы 19 млрд 500 млн текшеметр суды сақтауға арналған.

6 қараша 2020, 09:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.