Ресейде бір тәулікте 18 648 адамнан коронавирус анықталды, - деп хабарлайды Стопкоронавирус.рф.
Вирус табылған науқастардың шамамен төрттен бірі - 4421 - симптомсыз. COVID-19 жұқтырғандардың жалпы саны 1,673 миллионға жетті.
Сондай-ақ, елде кейінгі тәулікте коронавирустан 355 адам өлімі тіркелді. Ресейде пандемия басталғаннан бері 28 828 науқас көз жұмған.
Дүние жүзі бойынша коронавирус туралы мәліметтер жинайтын Хопкинс университетінің рейтингінде Ресей төртінші орында тұр.