Атырау, 6 мамыр 18:20
 ашықВ Атырау +9
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Құралай Нұрқаділованың Киткрайдағы ескі мектепке қалай көмектескені туралы

Сурет Бейнежазба
4 677 просмотра

Танымал қазақстандық дизайнер Құралай НҰРҚАДІЛОВА Атырау тұрғыны Нұрлан ЖУНАСОВҚА көмектесіп, Киткрай маңындағы №4 ескі мектептің проблемасына билік назарын аудартты.

Юрий Гагарин атындағы №4 мектеп екі ғимараттан тұрады. Біріншісі 1961 жылы, ал екіншісі 1971 жылы салынған.

Осыдан бес жыл бұрын Нұрлан Жунасов апатты мектеп жапсаржайын күреу мәселесін көтеріп, оның орнына спортзал салуды ұсынған еді. Мектептің ескі бөлігінде екі жапсаржай бар, оның бірін жақында мектеп түлектері жөндеп, ол жерден спортзал ашқан. Екіншісі апатты жағдайда, шегеленіп тұр.

Жөндеуге дейінгі және кейінгі спортзалЖөндеуге дейінгі және кейінгі спортзал

- Мектепті жөндеуге бөлінген ақшаның қайда кетіп жатқанын білмеймін. Жөндеуге дейін балалар тозығы жетіп, мүшкіл халде тұрған спопртзалда шаттығып жүрді. Жаттықтырушыларға рахмет, олар ақша жинап, жөндеу жүргізді, - дейді Жунасов.

Спорт залдары мен балалардың ойын алаңдарының жоқтығы Киткрай мен Атырау ықшамауданының басты проблемаларының бірі болып отыр.

- Атырау ықшамауданында бірде бір спорт мектебі жоқ. Егер бізге жер учаскесін бөлсе, өзіміз инвестор тауып, балалар үшін спорт мектебін салар едік, - дейді Жунасов.

Екі жыл бұрын қайырымдылық шараларының бірінде ол қазақстандық дизайнер Құралай Нұрқаділовамен танысып, ол Атыраудағы ескі мектеп проблемасын назардан тыс қалдырмаған.

- Құралай Заманбекқызына рахмет! Одан мені қолдау көрсетуді өтінген едім, ол мектептің мүшкіл жағдайын Facebook-ке жариялап, әкімдік оның жариялаған постына назар аударды, - деп әңгімелейді Жунасов.

Жақында белсендімен қала әкімінің орынбасары Самат ЕМБЕРГЕН кездесіп, проблеманы шешуге уәде берген.

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі қазір мектепті апатты жағдайда деп тану туралы сараптама қорытындысы дайындалып жатқанын айтты.

- Мектеп күрделі жөндеуді қажет етеді. Қаулы шығарылғаннан кейін Ю.Гагарин атындағы №4 мектептің ескі жапсаржайы қарашаның аяғына дейін күреледі, - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Айнұр САПАРОВА

Әлеуметтік желіден алынған суреттер мен бейнежазба

3 қараша 2020, 10:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.