Түркиядағы жер сілкінісі кезінде қаза тапқандар саны 95-ке жетті, - деп хабарлайды tengrinews РИА Новости агенттігіне сілтеп.
Зілзала салдарынан қаза тапқандар саны күн сайын артып келе жатыр. Бұған дейін қаза тапқандар саны 92, ал зардап шеккендердің саны 994-ке жеткені белгілі болған.
"Соңғы мәліметтер бойынша, қаза тапқандар саны 95-ке жетті", - делінген республиканың төтенше жағдайлар және апаттарды басқару агенттігінің хабарламасында.
Жер сілкінісі кезінде 1385 афтершок болған.
Еске салайық, 30 қазанда Түркияда 6.6 балдық жер сілкінісі болды. Эпицентр - Измир провинциясының Сеферихисар қаласы. Соңғы мәліметтер бойынша, табиғи апат салдарынан 76 адам қаза тапқан. Көптеген адам баспанасыз қалған. Жер сілкінісі салдарынан Измирдегі 20-дан аса ғимарат зардап шеккен. Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.