Атырау, 6 мамыр 19:49
 ашықВ Атырау +9
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Абайлаңыз, жолда жылқы жүр

Бейнежазба
3 502 просмотра
Бейнежазбадан алынған кадр

Жыл басынан бері Атырауда көше кезген мал себеп болған алты жол-көлік оқиғасы тіркелді.

Мысалы, өткен аптада «Лесхоз» ықшамауданында 22 жастағы қыз басқарған «Toyota Camry» көлігі жолға шыға келген жылқыны қағып кетті. Көлікке зақым келді, ал жануар оқиға орнынан «ғайып болды».

Осындай жағдай қыркүйектің аяғында «Өркен» ықшамауданында болды. «Toyota Mark ІІ» көлігі қараусыз жүрген жылқыны қаққан.

Жыл басынан бері полицейлер 50-ге жуық мал иесін жауапкершілікке тартып, оларға қарсы ҚР Әкімшілік кодексінің 505-бабы (Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ инфрақұрылым объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру) бойынша әкімшілік хаттама толтырды.

Мал иелеріне 20 АЕК (55 560 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

Фархат ӘБІЛОВ

«АЖ» оқырманы жолдаған бейнежазба

2 қараша 2020, 16:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.