Атырау, 14 қазан 19:36
 дождьВ Атырау +21.5
$ 448.45
€ 501.59
₽ 5.36

Шақыртудың болмауына байланысты Covid-такси жабылды

3 466 рет қаралды

Атырауда шақыртудың болмауына байланысты ковид-такси қызметі тоқтатылды. Естеріңізге салсақ, коронавирус пандемиясы үдеген кезде Атырау және Құлсары қалаларында пневмония мен коронавирустан үйде ем алып жатқан науқастарға медициналық көмек көрсету үшін ковид-такси қызметі іске қосылған болатын.

- Иә, шақыртулардың азаюына байланысты ковид-такси өз қызметін тоқтатты. Барлық шақыртуларға өзіміздің жедел-жәрдем көліктеріміз үлгереді. Бірақ екінші толқын басталса, қайтадан ковид-таксиді іске қосуды жоспарлап отырмыз. Өйткені олар біздің жұмысымызды едәуір жеңілдетеді,- дейді Жедел жәрдем станциясы бас дәрігерінің орынбасары Наргиз БАЙМОЛДАЕВА.

Естеріңізге салсақ, ковид-такси бригадасы жүргізуші мен фельдшерден тұрады, ал жүргізуші алғашқы медициналық көмек көрсете алады. Бұдан басқа, пневмония мен коронавирустан емделіп жатқан науқастар дәрі-дәрмекті алдырту үшін ковид-такси қызметіне жүгіне алады.

Фархат ӘБІЛОВ

2 қараша 2020, 15:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.