Атырау, 5 желтоқсан 09:52
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Жангелдин ауылы маңындағы жол апатында екі адам қайтыс болды

4 458 рет қаралды

31 қазанда сағат 15.00 шамасында Қызылқоға ауданындағы Жангелдин ауылынан шыға берісте жол апаты болып, екі адам көз жұмды.  

Бейресми ақпарат бойынша, Жангелдин ауылынан шыққан «УАЗ Аатриот» автокөлігі Көздіқара ауылынан келе жатқан «Лада Гранта» автокөлігімен соқтығысып қалған. Оқиға салдарынан «Лада Грантаның» екі жолаушысы - 60 жастағы ер адам мен 72 жастағы әйел оқиға орнында көз жұмды. ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі («Абайсызда адам өліміне әкеп соққан Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 Ләззат ҚАРАЖАНОВА

2 қараша 2020, 12:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.