Атырау, 25 қараша 19:59
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қырғызстанда 3,5 балдық жер сілкінісі болды

2 590 просмотра

Ыстықкөл облысында эпицентрдегі күші 3,5 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

Сейсмология институтының мәліметінше, жерасты дүмпулері бүгін, 2 қазан сағат 00:05-те тіркелді.

Джеты-Огуз ауданының Дархан, Саруу, Кызыл-Суу, Жалгыз-Орук ауылдарында жер сілкінісінің күші 2,5 балды құрады.

Зардап шеккендер мен қирандылар жоқ.

Түркиядағы жер сілкінісі

30 қазан күндіз Түркияның батысында магнитудасы 6,6 балдық жер сілкінісі болды. Зілзала эпицентрі –  Эгей теңізінде, Измир провинциясының Сеферихисар қаласында.

Жерасты дүмпулері жақын маңдағы Грекияның аралдарында да сезілді. Грекиялық сейсмологтардың мәліметінше, оның магнитудасы 6,9 балға жеткен.


Зілзала салдарынан Измирде жиырма шақты ғимарат құлап қирады. Жер сілкінісінің әсерінен цунами болып, Сеферихисар көшелерін су басты.

Соңғы дерек бойынша Түркияда қаза болғандар саны 76 адамға, ал зардап шеккендер 962 адамға жетті.

Ал Грекияның Самос аралында екі адам көз жұмып, жиырмасы зардап шекті.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия басшысы Режеп Тайип Ердоғанға жер сілкінісінен адамдардың қаза болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

Табиғи апаттан зардап шеккен қазақстандықтар туралы ақпарат жоқ. Қазақстанның Түркиядағы елшілігі отандастармен байланысу үшін өз қызметкерлерінің телефон нөмірлерін жариялады.


2 қараша 2020, 11:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.