Атырау, 25 сәуір 14:14
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Атырауда карантинді бұзып, Хэллоуин тойлаған бар жабылды

2 953 просмотра

1 қарашаға қараған түні Атырауда карантин режимінің бұзылуын анықтайтын мобильді топ Хэллоуин тойланып жатқан «Бармаглот» барына барды.

Барда 150-ге жуық келушілер болған, олар түнгі ойын-сауық мекемелері тек сағат 22.00-ге дейін жұмыс істеуге міндетті делінген қолданыстағы тыйымның бар екеніне қарамастан, би билеп, көңіл көтерген.

Қалалық СЭС өкілдерінің айтуынша, адамдардың көпшілігінде медициналық маска болмаған және әлеуметтік арақашықтықты сақтамаған.

Полиция барға келген қонақтарды таратып, нысанды жауып тастады.

- Бар әкімшілігі облыс тұрғындарының санитариялық-эпидемиологиялық амандығын сақтау заңнамасының талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзды, - деп хабарлады «AЖ»-ға мониторинг тобының мүшелері.

Барға қатысты жиналған материал процессуалдық шешім қабылдау үшін Атырау қалалық тауарлар мен көрсетілетін  қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жіберілді. Барға 230 АЕК-тен 1600 АЕК-ке дейін айыппұл салынуы мүмкін.

Естеріңізге салсақ, бүгінде облыс әкімдігі жанынан жергілікті жерде эпидемияға қарсы іс-шаралардың орындалуын бақылау мақсатында ұйымдар мен объектілерге күнделікті рейд өткізетін 114 бақылау тобы жұмыс істейді.

Фархат ӘБІЛОВ

Мониторинг тобы жолдаған суреттер мен бейнежазба

1 қараша 2020, 14:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.