Атырау, 25 қараша 19:32
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

​​Измирде жер сілкінді​

2 946 просмотра

Түркияның Измир провинциясында шамамен 7 магнитудалы жер сілкінісі болды. Түркия билігі кем дегенде алты адамның қайтыс болғанын, 200-ден астам адамның жараланғанын, 20 ғимараттың қирағанын хабарлады. Бүлінген ғимараттардың маңында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Азаттық радиосы.

Жер сілкінісінің эпицентрі Эгей теңізінде болған. Дүмпу Стамбул және Афины қалаларында да сезілген. Грекияның Самос аралында да зардап шеккендер бар.

US Geological Survey орталығы жер дүмпуі 10 км тереңдікте болғанын хабарласа, Түркия билігі 20 км деп мәлімдеді.

Измир – Түркиядағы ең ірі үшінші қала. Қалада жер сілкініс болған соң жұрт үйлерін тастап көшеге қашқан.

Биыл қаңтарда Түркияның Элязыг провинциясында болған жер сілкінісінен 30 адам қайтыс болып, 1600 адам жараланған.

2019 жылы Грекия астанасы Афиныда да жер сілкініп, қаланың біраз бөлігі жарықсыз қалған.

1999 жылы Түркияның Измит қаласында күшті жер сілкініп, 17 мың адам қаза болған.

31 қазан 2020, 11:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.