Атырау, 13 қыркүйек 21:47
 дождьВ Атырау +24.8
$ 450.91
€ 522.69
₽ 5.33

Пандемия кезінде туу саны көбейді

3 866 рет қаралды

Коронавирус пандемиясы басталғалы бері Атырау облысында 12 мыңдай нәресте дүниеге келді.

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 538 балаға артық.

- 1 наурыздан бастап облыста 11 794 жаңа туған нәресте тіркелді. Бұл күніне орта есеппен 25 бала дүниеге келеді деген сөз, - деп хабарлайды Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Еске салайық, коронавирус пандемиясы кезінде облыстық перинаталдық орталықта 30 кереуеттік, ал қалалық перзентханада 8 орындық провизорлық стационар ашылған еді. Онда КВИ диагнозы расталған әйелдер босанды. Олардың дүниеге әкелген сәбидің ешқайсысынан қауіпті инфекция анықталмады.

Дайындаған Зульфия ИСКАЛИЕВА

31 қазан 2020, 09:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.