Атырау, 24 сәуір 02:46
 ашықВ Атырау +22
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Сәтпаевта жерүсті өткелі ашылды

3 291 просмотра

Атырауда Сәтпаев даңғылында көптен күткен жерүсті жаяу жүргіншілер өткелі ашылды.

Жерүсті өткелін 2016 жылы салу жоспарланған болатын, бірақ жобаға өзгерістер енгізіліп, мүгедектер үшін құрылымның қол жетімділігін қамтамасыз ету қажет болды. Осы жазда карантинге байланысты құрылыс материалдарын жеткізу мен жұмыс күшіне қатысты қиындықтар туындады.

- Сәтпаев даңғылындағы жерүсті өткелі ашық, бірақ әзірге тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалану режимінде. Адамдар жолды кесіп өткен кезде ол арқылы өте алады. Әзірге кәдімгі жаяу жүргіншілер өткелі де жұмыс істеп тұр, - деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз хатшысы Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВА. - Өткелге орнатылған лифтілер әлі қосылған жоқ, олардың құжаттамасын мемлекеттік сараптама органдары қарап жатыр. Оларды пайдалану қауіпсіз екені туралы сараптаманың оң қорытындысы алынған соң, іске қосылады. Сол кезде мүмкіндігі шектеулі адамдар лифтіні қолдана алады.

Жерүсті өткелі Алматыда дайындалған металл конструкциялардан жасалған. Өткелдің ұзындығы - 50 метр, биіктігі - 5 метр.

Фархат ӘБІЛОВ

Суретті түсірген автор

29 қазан 2020, 19:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.