Әлеуметтік желіде Ниццада пышақ ұстаған белгісіз адам тұрғындарға шабуыл жасаған сәтінің видеосы пайда болды, - деп хабарлайды tengrinews.kz РИА Новости басылымына сільеме жасап.
Видео порталдың Telegram-каналында жарияланды. Кадрлардан ер адамның қалай аспанға оқ атып, басқаларды қарумен қорқытатынын көруге болады.
Қазір төтенше жағдай аймағында көлік қозғалысы тоқтатылған. Алдын ала мәліметтер бойынша, үш адам қаза тауып, бірнеше адам жараланды.
Attentat nice pic.twitter.com/14qX79wyuw
— Nice-Matin photo (@nicematinphoto) October 29, 2020
Шабуыл жасаған адам ұсталды. Қала мэрі Кристиан Эстрози бұл террористік шабуыл екенін мәлімдеді.
Сондай-ақ, ол Ниццаға президент Эммануэль Макрон мен премьер-министр Жан Кастекс келетінін айтты.
Екі апта бұрын Париж маңында мұғалім Самюэль Патидің басы кесілген болатын, ол сабақта Мұхаммед пайғамбардың карикатурасын көрсеткен. Макрон бұл оқиғаны теракт деп атап, Франциядағы сепаратизмге қарсы күрес жариялаған еді.