Атырау, 22 қараша 15:48
 ашықВ Атырау +4
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Кәмелетке толмағандармен притон ұйымдастырғаны үшін жазаланды

3 699 просмотра

Атырауда екі баланың анасы кәмелетке толмағандарға қатысты притон ұйымдастырғаны үшін жазаланды.

2015 жылдың қыркүйегінде сот 32 жастағы азаматшаны ҚР Қылмыстық кодексінің 309-бабы (Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық) және 132-бабы (Кәмелетке толмаған адамды қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға тарту) бойынша кінәлі деп тауып, оны 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кескен еді.

- Алайда сот сотталушының екі кішкентай баласы бар екенін ескеріп, жазасын өтеу мерзімін 5 жылға шегерді, - дейді Атырау қалалық пробация қызметінің инспекторы Айзере ДӘУЛЕТБАЕВА.

2020 жылдың қазан айында бұл мерзім аяқталғаннан кейін жеңгетай УГ-157/9 мекемесіне (әйелдер колониясы) жіберілді. Балаларын туысы қамқорлыққа алды.

Фархат ӘБІЛОВ

29 қазан 2020, 10:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.