Атырау, 16 сәуір 16:24
 ашықВ Атырау +16
$ 448.56
€ 478.03
₽ 4.79

Аспаннан шар құлады: Қарақалпақстан тұрғындары таңғажайып оқиғаның куәсі болды – фото

7 086 просмотра

Қарақалпақстанда аспаннан темір шар құлады. Мұндай ақпаратты жергілікті Мойнақ ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды sputnik Sputnik Өзбекстанға сілтеме жасап.

Куәгерлердің айтуынша, алдымен көкте бірнеше жарылыс дыбысы естіліп, содан кейін металлға ұқсас заттан жасалған шар жерге құлаған.

"Мен қатты жарылыстың дауысын естілген тұсқа көз салғанымда, бір нәрсе жылт етіп, жерге құлағанын көрдім. Шар сияқты дөңгелек зат алғашқы кезде өте ыстық болды", – дейді куәгерлердің бірі.

Бір қызығы, металлға ұқсас заттан жасалған домалақ шардың бір жағы ішке қарай майысқан.

Жергілікті тұрғындардың бірі балаларына құлаған затты суретке түсіріп алу туралы ескерткен соң, ол интернетте тараған.

Оқиғаның жай-жапсары тиісті сала мамандары тарапынан тексерілетін болады.


28 қазан 2020, 17:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.