Атырау, 17 қаңтар 09:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -7
$ 512.16
€ 594.72
₽ 6.57

Ералы Тоғжанов әкімдік жұмысын тексерді

2 993 рет қаралды

Кеше, 27 қазанда премьер-министрдің орынбасары Ералы ТОҒЖАНОВ Атырау облысына жұмыс сапарымен келді.

Жедел кеңесте Атырау облысының әкімі Махамбет ДОСМҰХАМБЕТОВ өңірдің COVID-19 екінші толқынына дайындығы туралы баяндады. Еске сала кетейік, бір күн бұрын, 26 қазанда әкім мемлекет басшысына өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берді.


Кеңес қорытындысы бойынша Тоғжанов әкімге эпидемиологиялық ахуалды, халықты және медициналық мекемелерді дәрі-дәрмекпен, сондай-ақ ӨЖЖ аппараттарымен, оттегі концентраторларымен қамтамасыз етілу мәселесін ерекше бақылауда ұстауды тапсырды. Сондай-ақ, өңір басшылығына карантин режимін сақтау қажеттілігі туралы халық арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту тапсырылды.

Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

28 қазан 2020, 14:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.