Атырау, 6 мамыр 19:55
 ашықВ Атырау +9
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

ДДСҰ коронавирус жұқтырудың рекордтық өсімін тіркеді

2 477 просмотра

Өткен аптада әлем бойынша коронавирусқа шалдығушылардың рекордтық саны тіркелді. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының эпидемиологиялық бюллетенінде жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

19-25 қазан аралығында 2,8 млн COVID-19 анықталған. Бұл – пандемия басталғалы ең жоғары көрсеткіш. Бір апта ішінде коронавирустан 40 мыңға жуық адам көз жұмған. 

ДДСҰ мәліметтері бойынша, ауру, әсіресе, Еуропа өңірінде жылдам тарауда. COVID-19 жұқтырудың жаңа жағдайларының жартысы аталған аймақтан тіркелген. Бір апта ішінде Еуропада 1,3 миллионнан астам адам коронавирусқа шалдыққан. Бұл – алдыңғы аптадағы көрсеткіштен 33% -ға көп. 

Коронавирус жұқтырудың апталық өсімі бойынша алғашқы бестіктегі елдер: 

Францияда — 217,7 мың адам ауру жұқтырған; 

Ұлыбританияда — 148,5 мың; 

Ресейде — 114,5 мың; 

Италияда — 101,9 мың;

Бельгияда — 90,8 мың.


28 қазан 2020, 09:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.