Атырау, 2 мамыр 06:55
 ашықВ Атырау +20
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Атырауда шетелдіктер саны 3 есе азайды

3 218 просмотра

Бүгінде Атырау облысында 23122 шетелдік азамат бар. Өткен жылы олардың саны үш есе көп - 74152 адам болды.

Коронавирус пандемиясына байланысты Атырауға кіру үшін енгізілген карантин шектеулеріне байланысты шетелдіктер саны азайды.

Көші-қон полициясының мәліметі бойынша, жыл басынан бері Атырау облысына 1957 Ресей азаматы, 731 Ұлыбритания азаматы, 730 АҚШ азаматы, 548 Үндістан азаматы, 415 Өзбекстан азаматы, 348 Қытай азаматы, 305 Әзірбайжан азаматы, 198 Италия азаматы, 174 Тәжікстан азаматы, 153 Австралия азаматы, 145 Қырғызстан азаматы және т.б. келген.

Негізінен бұлар жұмыс бабымен келген экспаттар - 19 818 адам, басқа санаттар бойынша (жеке/қонақ визасы) - 777 адам.

Жыл басынан бері 197 шетелдік бес жылға Атырауда тұрақты тұру құжатын рәсімдеді.

Бір қызығы, наурыз айында төтенше жағдай режимі мен карантин шектеулері енгізілгенге дейін Атырау облысындағы шетелдіктердің жалпы саны бойынша Өзбекстан азаматтары көп болды - 13 мыңнан астам адам. Қазір бар болғаны 415 өзбек бар, бұл тек ресми тіркелгендер ғана.

Айнұр САПАРОВА

27 қазан 2020, 20:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.