Атырау, 2 мамыр 08:47
 ашықВ Атырау +23
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Мигранттарға 5 миллион теңге айыппұл салынды

3 004 просмотра

Жыл басынан бері Атырауда көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 1986 шетелдік жауапқа тартылды. ­Өндірілген айыппұлдардың жалпы сомасы 5,1 миллион теңге болды.

Полиция департаментінің мәліметінше, 184 мигрант елден шығарылған.

- Құқық бұзушылықтардың едәуір бөлігі еңбек мигранттары тарапынан жасалған, сонымен қатар жұмыс берушілер де әкімшілік жауапқа тартылды. Өңірде еңбек мигранттарына патент (жеке тұлғаларға жұмыс істеуге рұқсат) беру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде, нәтижесінде бүгінде 20 мыңнан астам шетелдік заңдастырылды, - деп атап өтті полиция.

Бұдан басқа, Атырау облысында шетелдіктерге қарсы 49 қылмыс жасалған, мигранттың өздері, негізінен Өзбекстан азаматтары, 43 құқық бұзушылық жасаған.

Айнұр САПАРОВА

27 қазан 2020, 16:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.