Атырау, 2 мамыр 08:32
 ашықВ Атырау +23
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Тойхана қонақтарын ас үйден кіргізген

Бейнежазба
3 665 просмотра


Өткен демалыс күндері Атырау облысында отбасылық іс-шара өткізген 70 жағдай анықталды. Карантин шектеулеріне қарамастан, көп адам қатысатын той мен еске алу кәдесін өткізетіндер азаймай тұр.

Қазір облыста күніне 114 мониторингтік топ тексеру жүргізеді. Олардың мәліметтері бойынша, жасырын той мен басқа да салтанатты жиындарды ұйымдастыру бойынша көш бастап тұрған Атырау қаласы, Жылыой және Қызылқоға аудандары.

Барлығы осындай 70 жағдай анықталды. Сонымен қатар, рейд кезінде қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының карантин шектеулерін сақтамай, жұмыс істеген 75 факті тіркелді. Оның 67-сі Атырауда, 5-і Жылыой ауданында орын алған. Рұқсат етілмеген түнгі уақытта жұмыс істеген 102 дүкен тіркелді.

Ал, мейрамхана иелері карантин талаптарын бұзғандарды тіркейтін және иелеріне айыппұл салуға міндетті мониторингтік топ мүшелерін өз кіргізбей, кедергі жасайды.

Жақында әлеуметтік желіде Атырауда жабық тұрған тойхананың бірінде қонақтарды ас үйден жасырын кіргізгені жазылған бейнежазба тарады. Тексерушілерді байқаған тойхана қызметкерлері қонақтарды артқы есіктен тездетіп шығарып жіберді. Оның бәрін тексеру тобының мүшелері бейнежазбаға түсіріп алды. 

Фархат ӘБІЛОВ 

Бейнежазба әлеуметтік желіден алынды

27 қазан 2020, 16:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.