Атырау, 6 мамыр 18:48
 ашықВ Атырау +9
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Жыл аяғына дейін қай үйлер көшіріледі

3 728 просмотра

Жыл аяғына дейін апатты жағдайда тұрған үш жатақхананы (332 пәтер) көшіру жоспарланып отыр. Бұл - Молдағалиев көшесі, №30, 33а және Төлебаев көшесі, №44 мекенжайы бойынша орналасқан жатақханалар.

Бұған дейін жыл басынан бері апатты жағдайда тұрған 10 үй (481 пәтер) Береке мен Нұрсая ықшамаудандарына көшірілді.

Бұл Әуезов көшесі  №22, Достық көшесі №14, Бірлік АТП №1, 2, 3 мекенжайлары бойынша орналасқан бес тұрғын үй мен Достық көшесі, №1, Геолог поселкесі, №65,66, Құнанбаев көшесі, №30а, Гагарин көшесі, №124 мекенжайлары бойынша орналасқан бес жатақхана.

Бүгінде Атырау қаласы бойынша апатты жағдайдағы 70 (1495 пәтер) үй тіркелген. 2021 жылы көшірілетін үйлердің тізімі әзірге белгісіз.

- Келер жылы көшірілетін үйлердің тізімі үйлердің құрылысының жүргізілуіне байланысты анықталады, яғни, құрылысқа қаражат бөлініп, үй салына бастағанда, - деді қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің тұрғын үй секторының меңгерушісі Рафхат ЖОЛДИЕВ.

Айнұр САПАРОВА

28 қазан 2020, 15:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.