Атырау, 23 желтоқсан 00:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​Бұралқы иттен сақ болайық

3 781 рет қаралды

15-22 қазан аралығында Атырауда 9 жасөспірімді ит қауып алған.

Атырау облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, олардың 5 - бұралқы иттер, 3- көршісінікі және 1 - өз ауласындағы ит. Ит қапқан жасөспірімнің барлығы жеңіл дәрежелі жарақат алған.

Тіркелген оқиғалардың біреуі бойынша иттің иесіне 13890 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Қалалық Полиция басқармасы басшылығы Атырау қаласы әкімдігіне көшедегі қараусыз жүрген бұралқы иттерден жасөспірімдер мен егде жастағы қарияларды қорғау шарасын алу туралы ұсыныс жолдады.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

27 қазан 2020, 12:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.