Атырау, 1 мамыр 20:25
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16

Бішкек мэрі міндетін атқарушы үш аптада алтыншы рет ауыспақ

2 535 рет қаралды

Бішкек мэрі міндетін атқарушы үш аптада алтыншы рет ауыспақ. Қырғызстанның Ыстықкөл облысының экс-губернаторы Балбақ Тулобаев жаңа қала басшысы болады. Осыған дейін Нариман Төлеев, осы қызметтен кететінін мәлімдеген болатын, - деп хабарлайды sputnik РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап. 

"Жаңа ғана мэр міндетін атқарушы Балбақ Тулобаевпен келіссөз жүргіздім, бұл шынымен де Бішкек қаласы мэриясы үшін жақсы нұсқа", - деп жазды Бішкек мэрінің бұрынғы міндетін атқарушы.

Дереккөз мәліметінше, бұл соңғы үш аптада Бішкек мэрі міндетін атқарушының алтыншы рет ауысуы. Осы қызметті екі жылдейін атқарған Азиз Суракматов 6 қазандағы жаппай тәртіпсіздікке балйанысты отставкаға кету туралы өтініш жазған болатын, кейін оның міндетін "халық мэрі" Жоошбек Коеналиев атқарды. Содан кейін 7 қазанда әкім қайтадан ауыстырылды, әкімнің міндеттері бірінші вице-мэр Алмаз Бакетаевқа өтті.

27 қазан 2020, 11:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.