Атырау, 25 қараша 20:51
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қырғызстанның бұрынғы президенті тергеу изоляторында аштық жариялады

2 663 просмотра

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеттің тергеу изоляторынан Бішкектегі №1 тергеу изоляторына ауыстырды. Бұл ақпаратты хабарлаған Атамбаевтың адвокаты Замир Жоошев экс-президенттің соған қарсылық ретінде аштық жариялағанын айтты. Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлайды.

"Оны жертөледе ұстап отыр, бұрын өлім жазасына кесілгендер сол жерге қамалатын. Соңғы кездері ол камерада ешкім болмаған, ол жаққа енді ғана жылу жүйесін қосты, құбыр жүйесі істемейді, камера есіктері үнемі ашық тұрады. Алмазбек Атамбаев аштық жариялады" дейді Жоошев.

Оның сөзіне қарағанда, Атамбаевтың денсаулығы нашар: өкпесі қабынған, жүрегі де ауырады.

Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитет өкілдері Азаттыққа Бішкек қалалық сотының шешімімен Атамбаевтың №1 тергеу изоляторына ауыстырылғанын айтты.

Бұрынғы президент Алмазбек Атамбаев Бішкектегі алаңда тәртіпсіздік ұйымдастырды деген күдікпен 10 қазанда ұсталған еді. Ол өзге де бұрынғы шенеуніктермен бірге 6 қазанға қараған түні демонстранттар талабымен босатылған болатын.

2020 жылы жазда Бішкек аудандық соты қылмыстық топ жетекшісі Азиз Батукаевты заңсыз босату ісіне қатысы бар деп айыпталған Атамбаевты 11 жыл 2 айға бас бостандығынан айырған еді. Сот оның мүлкін де тәркілеп, экс-президентті мемлекеттік наградалары мен атақтарынан айырған. Кейінірек Бішкек қалалық соты үкімді өзгеріссіз қалдырды. Атамбаевқа Кой-Таштағы оқиға бойынша да айыптар тағылған, сот әзірге шешім қабылдамады.

2019 жылы Кой-Таштағы оқиғаға байланысты "Адам өлтіру", "Адамдарды кепілдікке алу", "Жаппай тәртіпсіздік", "Бұзақылық", "Билік өкіліне күш қолдану" баптары бойынша қылмыстық істер қозғалған. Атамбаев пен өзге де айыпталушылар айыптарды жоққа шығарады.

27 қазан 2020, 10:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.