Атырау, 19 сәуір 10:35
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Патриоттар ойыны

2 673 просмотра
2012 жылдың сәуірі. «AЖ» мұрағатынан алынған сурет

«Борат» төңірегіндегі шуға және кенеттен «Мен туымды мақтан етемін» деген патриоттық сезімнің оянуына қатысты сонау 2012 жылдың сәуірінде болған оқиға есіме түсті. Оқырмандарымыздың бірі көлік прокуратурасы ғимаратының жанында мемлекеттік туды қоқыс таситын зембіл ретінде пайдаланып жүрген адамдарды фотосуретке түсіріп алған еді.

Сол кезде, неге екені белгісіз, туды қорлаушыларды «паршалап» тастағысы келгендер байқалмады. Алайда тәртіп сақшылары мемлекеттік рәмізді қорлау бойынша қылмыстық іс қозғады, содан кейін «күдіктілердің болмауына байланысты» іс жабылды. Шамасы, жоғарыдан ешқандай ишара болмады-ау деймін, өйткені ол қазіргі жағдайдан айырмашылығы, «бас жарылса, бөрік ішінде» дегеннің кері болды ма?

Біздің талғамды отансүйгіштігімізге жүйелілік пен көрегендік жетіспейді. Отандық «ту көтерушілерге» біздің еліміздің абыройын түсіретін түрлі даму рейтингтері мен бостандық индекстеріне зер салатын уақыт келді ғой. Содан соң ғана Саша Барон Коэннің әжуасына ренжіген жөн емес пе?

Әлия ҚАЙЫРОВА

26 қазан 2020, 19:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.