Қырғызстан президентінің міндетін атқарушы Садыр Жапаров алдағы президент сайлауына қатысады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg басылымына сілтеме жасап.
"Мен президент сайлауына басқаларымен бірдей қатысамын. Мені таңдаса, президент боламын, таңдамаса, болмаймын", - деді Садыр Жапаров.
Бұған дейін Қырғызстанда президент сайлауы 2021 жылғы 10 қаңтарда өтетітіні хабарланды. Бұл шешім қайта талқыланбайды, деп жазады 24.kg.
Ал Жогорку Кенеш (парламент - ескерту) депутаттарын қайта сайлау мерзімі әлі белгісіз.