Атырау, 27 желтоқсан 02:17
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -4
$ 504.60
€ 594.27
₽ 6.48

Қырғызстанда президент және парламент сайлауы көктемге шегерілді

2 452 рет қаралды

©REUTERS


Қырғызстанда президент пен Жогорку Кенешке (парламент - автор) депутаттарды сайлау мерзімдері кейінге шегерілді, - деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

Қырғызстан президентінің міндетін атқарушы Садыр Жапаров елдегі парламент сайлауын 2021 жылдың көктеміне - сайлау жүйесінің реформасы аяқталатын уақытқа ауыстыру туралы заңға қол қойды.

"Біздің заң жобамыз Конституцияға қайшы келмейді. Сараптама жүргізілді, барлығы заңнамаға сәйкес. Заң жобасын қолдауды сұраймын, ол қоғамдық-саяси жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік береді", - деді Жапаров.

Президенттің м.а. баспасөз қызметінің хабарламасында құжат бірқатар жағдайға, сондай-ақ елдегі қоғамдық-саяси жағдайға байланысты қабылдануы керегі жазылған. 

Жогорку Кенеш депутаттарын сайлау мерзімі конституциялық реформадан кейін Қырғызстанның заңнамасына сәйкес 2021 жылдың 1 маусымынан кешіктірмей тағайындалады.

Бұған дейін Қырғызстанда президент сайлауы 2021 жылдың 17 қаңтарында, ал парламент сайлауы 20 желтоқсанда өтетіні хабарланған болатын.

Дереккөз: Tengrinews

23 қазан 2020, 10:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.