Қырғызстанның бас прокуроры Өткірбек Жамшитов отставкаға кетті. Жоғарғы Кеңестің конституциялық комитеті оның өтінішін қарады, - деп хабарлайды tengrinews Akipressке сілтеме жасап.
Комитет төрағасы Қанат Керезбековтің айтуынша, 19 қазанда Жамшитов президенттің міндетін атқарушы Жапаровтың атына отставкаға кету туралы өтініш жазған.
Дереккөз мәліметінше, комитет өтінішті бүгін, 21 қазанда қарады, енді мәселе Парламенттің талқылауына шығарылады.
"Прокурор ретінде ол жақсы жұмыс істеді. Жалғыз нәрсе - ол атышулы істерге көп көңіл бөлмеді", - дейді депутат Құрманқұл Зулушев.