Атырау, 7 мамыр 14:06
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Трамп АҚШ-тың бас инфекционист дәрігерін "ақымақ" деп атады

2 717 просмотра

Президент Дональд Трамп АҚШ-тың бас инфекционист дәрігерін коронавирус пандемиясына байланысты халыққа жалған ақпарат тарататын "ақымақтардың" қатарына қосты. Трамптың айтуынша, америкалықтар эпидемияға қатысты жаңалықтан шаршаған, - деп хабарлайды tengrinews Лента.ру агенттігі сілтеме жасап.

"Адамдар COVID-тен шаршады. Мен жақтастарыммен үлкен кездесулер ұйымдастырамын. Адамдарға қазір бәрібір, олар "бізге жоламаңдаршы" дейді. Олар бұдан шаршады, Фаучиді және ана ақымақтарды, осының бәрін дұрыс түсінбейтін барлық ақымақты тыңдаудан шаршады", - деп келтірді басылым президент сөзін.

Бұған дейін 19 қазанда Фаучи президент Дональд Трамптың коронавирус жұқтыруына қатысты пікір білдірген болатын. Ол АҚШ басшысының ауырып қалғанына таңғалмағанын айтты. Дәрігер Трамп адам көп жиналатын жерде маска тақпай жүре беретінін байқаған және мұндайда вирус жұқтыру қаупі жоғары екенін жеткізді.

Еске салайық, 2 қазанда АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің әйелі Меланиямен бірге коронавирус жұқтырғанын айтты.

20 қазан 2020, 14:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.