Атырау, 3 мамыр 06:11
 ашықВ Атырау +18
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

​Атырауда коронавирус жұқтырғандардың саны көбеюде

3 138 просмотра

Өткен тәулікте Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 10 адам анықталды - бұл туралы Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Оның ішінде 8 – Атырау тұрғындары, 1-і Жылыой ауданында, 1-еуі-Теңіз кенішінде тіркелген.

Қазір коронавирустан 59 адам емделіп жатыр. №2 Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының инфекциялық стационарында 26 науқас бар, оның үшеуі жансақтау бөлімінде. Науқастардың жасы 40-тан 65 жасқа дейін.

Теңіз кен орны ауруханасының инфекциялық стационарында 33 адам емделуде. Басқа аудандық инфекциялық стационарларда емделіп жатқан науқастар жоқ.

38 науқаста негізделген «ковид инфекциясы» бар, ал 21 науқасқа «короновирустық  пневмония» диагнозы қойылғанын атап өтті облыстық денсаулық сақтау басқармасында.

Дайындаған Н. ХАЙРУЛЛИНА

16 қазан 2020, 11:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.