Атырау, 24 қараша 03:20
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырауда қазақстандық пен шетелдіктердің жалақысындағы сәйкессіздіктің 109 фактісі анықталды

4 531 просмотра
Көрнекі сурет

Биылғы жылдың 9 айында өндірістегі жазатайым оқиға салдарынан сегіз адам қаза тапты. Бұл туралы брифингте Атырау облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Игілік ӘУБӘКІРОВ мәлімдеді.

Жыл басынан бері барлығы 18 жазатайым оқиға болды, 13 адам ауыр жарақат алды.

Бас еңбек инспекторының ақпараты бойынша, жалақы, еңбек шарттары, заңсыз жұмыстан босату және т.б. мәселелер бойынша 1000-нан астам өтініш келіп түсті. 403 адамның конституциялық құқығы қорғалды.

- Тексеру нәтижесінде 46 азаматқа 4,7 млн теңге жалақысы қайтарылды. Пандемияға байланысты ауқымды тексеру жүргізуге мүмкіндік болмады, - деп атап өтті Әубәкіров.

Өткен жылы еңбек инспекциясы 50-ден астам шетелдік қызметкері бар 43 кәсіпорынды тексерді. Нәтижесінде қазақстандықтар мен шетелдіктердің жалақысындағы сәйкессіздіктің 109 фактісі анықталды, 200-ден астам шетелдік сәйкес келетін дипломсыз жұмыс істеді. Тексеру биыл да жалғасты және Әубәкіровтың айтуынша, жалақыдағы теңсіздік фактілері әлі де бар. Қазіргі уақытта осындай кемшіліктері бар 10 компания еңбек инспекциясының бақылауында тұр.

ұргүл ХАЙРУЛЛИНА

15 қазан 2020, 00:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.