Жогорку Кенеш депутаттары Қырғызстан премьер-министрі қызметіне Садыр Жапаровтың кандидатурасын бірауыздан мақұлдады. Саясаткер Садыр Жапаров өз еркімен қызметінен кеткен Қубатбек Бороновтың орнына келді, - деп хабарлайды sputnik.kz.
"Бүгін, 14 қазанда "Ала-Арча" мемлекеттік резиденциясында премьер-министр қызметіне Садыр Жапаровтың кандидатурасы мақұлданды. Сондай-ақ, Қырғызстан үкіметінің құрамы мен бағдарламасы келісілді", - делінген Жогорку Кенеш хабарламасында.
Бұл қаулы министрлер кабинетін тағайындау үшін президент Сооронбай Жээнбековке жіберіледі.
Отырысқа 83 парламентарий қатысты.
Қырғызстандағы қақтығыс
5 қазан күні Бішкекте Жогорку Кенеш сайлауының нәтижелеріне қарсы митинг өтті. Кешке таман наразылық білдіргендер мен милиция арасында қақтығыс басталып, мыңдаған адам зардап шекті, біреуі көз жұмды. Түнде митингіге шыққандар парламент ғимаратын басып алды, кейін Алмазбек Атамбаев пен оның жақтастарын, Садыр Жапаров пен түрмеде отырған басқа да саясаткерлерді босатты.
Келесі күні Орталық сайлау комиссиясы парламент сайлауының нәтижелерін жарамсыз деп таныды.
10 қазанда Алмазбек Атамбаев пен босатылғандардың бір бөлігі қайта ұсталды.