Атырау, 22 желтоқсан 21:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

​Көпірде қандай жұмыс жүріп жатыр?

3 390 рет қаралды

6 қазанда Құрманғазы көшесі бойындағы  аспалы көпір (эстакада) жолы қайта жаңартылу үшін жабылды. Қала әкімдігінің хабарлауынша, жөндеу жұмыстары 22 қазанда аяқталады. Қазір ол жерде не істеліп жатыр?

Мердігер «Атырауинжстрой» ЖШС ақпараты бойынша, олар 15 күн ішінде екі бұрылыс бойымен қисық тұрған білеуін қалпына келтіруі немесе ауыстыруы (Сәтпаев пен Әбілқайыр хан даңғылында);

- сынған жиектерді ауыстырып, жол жиегіндегі қоршауды қалпына келтіруі;

- ескі асфальтты қырып тастап, жаңасын төсеуі;

- жолақ сызықтарын салуы керек.

Бірақ жұмыстың ең қиын жері – жолдың пайдалану ұзақтығын қамтамасыз ететін, үнемі механикалық/вибрациялық және климаттық әсерін байқатпау үшін қажетті көпірдің қосылған жерлерінің үйлесімі, икемділігі мен қозғалғыштығына тікелей байланысты оның екі жағынан қосылған деформациялық жіктерін ауыстыру.  Мердігердің айтуынша, тозығы жеткен материалдың орнына Германияда өндірілген деформациялық жіктер сатып алынған.

Қазір асфальтбетонның ескі қабатын алу жұмыстары аяқталды, тозған деформациялық жіктерді бөлшектеп, төсеу каналын тазарту жұмыстары жүргізілуде.

Аталған учаске құны 3 млрд 686 млн теңге болатын «Құрманғазы көшесін қайта жаңарту» лотына тиесілі. 

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

14 қазан 2020, 00:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.