Нидерландта әлемде алғаш рет коронавирусты қайта жұқтырған науқас қайтыс болды деп хабарлады Sputnik.kz.
Дәрігерлер бұл туралы Оксфорд университеті басылымының сайтында жарияланған баяндамада хабарлады.
"Нидерланд елінің Вальденстрём дертіне шалдыққан 89 жастағы тұрғыны коронавирусты қайта жұқтырып, қайтыс болғанын хабарлаймыз", - деп жазылған ақпаратта.
Дене қызуы көтеріліп, қатты жөтелген әйел ауруханаға жеткізілді. Коронавирус сынамасы оң нәтиже көрсетті. Бес күннен соң ауру белгілері байқалмады. Пациент ауруханадан шығарылды.
Екі айдан соң тағы да сырқаттанды. COVID-19-ды қайта жұқтырғаны анықталды. Сегіз күннен соң науқастың жағдайы нашарлай бастады. Екі аптадан кейін көз жұмды.
BNO басылымының мәліметіне сәйкес, коронавирусты қайта жұқтырған науқастың қайтыс болуы әлемде алғаш рет тіркеліп отыр.
Әрі қарай оқу: