Атырау, 25 қараша 20:26
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Еуропада коронавирус жұқтырғандар еселеп көбейіп барады. Карантин шаралары күшейді

2 525 просмотра
Медицина қызметкері. Франция, қазан айы 2020 жыл. Көрнекі сурет.

Еуропада коронавирус жұқтырғандар барған сайын еселеп артып, билік шектеу шараларын қайтадан күшейтіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq.org.

Еуропада күн сайын 100 мыңнан астам адамнан коронавирус анықталады. Егер індетті ауыздықтау үшін тез арада шара қолданбаса, жақын арада жағдай ушығып, ауруханаларда орын қалмайды деген қауіп бар. Маусым сайын тұмау-сырқаудың көбеюі де жағдайды ушықтырып отыр.

Еуропада Ұлыбритания, Ресей, Испания, Франция, Чехия вирус ошағына айналған. "Індеттің екінші толқынына" өзге елдер де дайындалып жатыр.

11 қазанда Ресейде 13 мыңнан астам адамнан коронавирус анықталды. Бұл пандемия басталғалы бері тіркелген ең жоғары көрсеткіш.

Францияда бір күнде індет өрістеген шақ – сәуір айындағы көрсеткіштен екі есеге көп науқас тіркелді. Соңғы аптада елде шамамен 20 мың адамнан коронавирус анықталған. 11 қазанда Францияның екі қаласы эпидемиологиялық тұрғыда жоғары деңгейде қауіп төнген қалалар (8 қала) қатарына қосылды.

Чехия үкіметі 14 қазаннан бастап коронавируспен күрес шараларын қатайтады деп мәлімдеді премьер-министр Андрей Бабиш.

Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон 12 қазанда Англияның солтүстігіндегі коронавирус ошақтарында жаңадан шектеу шараларын енгізетінін хабарлады.

Италия да мемлекет деңгейінде шектеу шараларын күшейтуге дайындықты бастап кетті.

13 қазан 2020, 09:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.