Атырау, 15 қазан 05:18
 ашықВ Атырау +9
$ 484.11
€ 528.79
₽ 5.03

​Индерде Жайықтан өтетін көпір жөнделуде

3 924 просмотра

Жайық өзені арқылы аудан халқы қатынап және «Индер-Орал», «Атырау-Индер» тас жолын жалғайтын көпір он жылдан кейін орташа жөндеуге тұрды. Жалпы ұзындығы 860 метр болатын көпір облыстағы екінші ұзын көпір болып саналады.

Қыркүйектің аяғында конкурс жеңімпазы атанған «Salem construction» ЖШС өз жұмысын бастап кетті. Жұмысқа 50-ден астам адам жұмылдырылған. Аудан әкімдігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, бұл мердігер көпірден бөлек кенттегі Қорғантау, ДСУ көшелеріне орташа жөндеу, 13 аялдама «қалташаларын» және автобус павильондарын орнату жұмыстарын қатар жүргізуі керек. Бұл жұмыстардың жалпы құны – 371 млн 485 мың теңге. Келісімшартқа сәйкес жұмыстың барлығын биылғы жылдың аяғында толық аяқтау жоспарланды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суретті түсірген автор

12 қазан 2020, 23:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.