Атырау, 21 желтоқсан 20:36
 ашықВ Атырау -2
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Атырауда 13 қазаннан бастап карантин шектеулері күшейтілуде (Қаулы)

5 454 просмотра

Атырау облысында 12 қазан сағат 00:00-ден бастап COVID-19-дың эпидемиологиялық ахуалы тұрақтанғанға дейін шектеу шаралары ұзартылды. Облыстың Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 29 тамыздағы қаулысына тиісті өзгертулер енгізілді. 

Атырау облысының халқы арасында коронавирус инфекциясы (бұдан әрі – COVID-19)  таралуының алдын алу мақсатында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде коронавирус инфекциясы ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 2020 жылғы 02 қазандағы №54 және «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 2020 жылғы 2 қазандағы №54 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 09 қазандағы №55 қаулыларына сәйкес, сонымен қатар Атырау облысында эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты (репродуктивті сан 1.29, талапты көрсеткіш > 1) 

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

I. Атырау облысының аумағында 2020 жылғы 12 қазан сағат 00:00-ден бастап COVID-19 - дың эпидемиологиялық ахуалы тұрақтанғанға дейін шектеу шаралары ұзартылсын. 

Бес жасқа дейінгі балаларды, қоғамдық тамақтану орындарында тамақтану жағдайларын, жеке және 5 адамнан аспайтын топтық спортпен айналысатын адамдарды қоспағанда, әлеуметтік қашықтықты міндетті түрде сақтай отырып, қоғамдық орындарда, қоғамдық транспортта, халыққа қызмет көрсету және демалуға арналған ғимараттарда, ашық ауада медициналық немесе мата бетперделерін кию міндетті.

II. Атырау облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 29 тамыздағы №64 «Атырау облысы тұрғындары арасында коронавирус инфекциясы індетінің алдын алуға қатысты шаралар туралы» қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

1).17 тармақшаның 4 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«бір мезгілде жабық ғимараттарда 30 адамнан асырмай, ашық алаңдарда 50 адамнан асырмай, кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты және  күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, бір отбасы мүшелерін қоспағанда бір үстелге 4 адамнан асырмай отырғызып, қоғамдық тамақтандыру объектілерінің (кафе, мейрамхана және басқалар) қызметі сағат 08:00-дан  22:00-ге дейін қысқартылсын»;

2)13 тармақшаның  4 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың жалпы  сыйымдылығының 30%-нан асырмай толтырып, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді және 1 келушіге 4 шаршы метр есебінен әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, жұмыс жасау уақыты 17.00-ге дейін қысқартылсын»;

3) 7 тармақшаның 4 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, бір адамға 4 шаршы метр есебінен әлеуметтік қашықтықты ескере отырып, жалпы сыйымдылығының 30%-нан асырмай, азық-түлік бөлімдері мен дәріханаларды қоспағанда, сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің (бутиктердің), сауда желісі қызметінің жұмыс жасау уақыты сағат 22:00-ге дейін қысқартылсын»

4) 11 тармақшаның 4 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«жаттығу залдары, фитнес-орталықтары, спорт секциялары және спорттық-сауықтыру орталықтарының қызметі тоқтатылсын» 

5) 28 тармақшаның 4 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«саяхаттау катерлерінің қызметі (өзен трамвайы) тоқтатылсын»   

ІІІ. Атырау облысы Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 2020 жылғы 29 тамыздағы №64 «Атырау облысы тұрғындары арасында коронавирус инфекциясы індетінің алдын алуға қатысты шаралар туралы» қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:

1. Атырау облысының әкіміне, Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасына:

1) Қазақстан Республикасына шетелден халықаралық жолаушылар авиарейс пен автоөтпелерден келген адамдарда ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізілгендігі жөнінде анықтамасы жоқ және термометриядан өткізу кезінде дене температурасы жоғары болған адамдарды ПТР әдісімен зертханалық зерттеу жүргізу үшін 2 тәулікке оқшаулау мақсатында карантиндік стационарлардың жұмыс жасауы ұйымдастырылсын;

2) Қазақстан Республикасының азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде кем дегенде 72 сағат бұрын алынған ПТР әдісімен COVID-19-ға тесттен өткені туралы анықтамасы болмаған жағдайда кіруге жіберілмесін;

3) келген адамдардың дене температурасы қалыпты шекте, анықтамасы бар болса, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 2020 жылғы 02 қазандағы №54 қаулысының  3-қосымшаға сәйкес тиісті қолхат алына отырып, CОVID-19-дың ықтимал симптомдары туралы түсіндіру жүргізіледі, олар межелі жеріне жол жүруді жалғастырады;

4) COVID-19-ға ПТР зертханалық тексеру қорытындысымен оң нәтиже анықталған және дене температурасы жоғары болған  адамдар жұқпалы аурулар ауруханасына оқшаулансын;

5) карантиндік стационардан шығаруды ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық зерттеп, қарау нәтижесінен кейін қамтамасыз етсін.

2. "Қазақстан темір жолы - Жүк тасымалы" ЖШС ГП - Атырау бөлімшесі филиалы, Атырау бөлімшелік көліктегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысына: 

1) COVID-19-дың әкелуін және таралуын алдын алу бойынша эпидемияға қарсы шаралар ұйымдастырсын;

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өтетін Ганюшкино станциясының қызметкерлерін міндетті термометриядан өткізуді қамтамасыз етсін.

3. Атырау қаласы халықаралық әуежайының басшысына:
1) әрбір рейстен кейін әуе кемелерін ағымдағы профилактикалық дезинфекциялауды;
2) тіркеуден өту, әуе кемесіне отырғызу және түсіру кезінде жолаушылар арасында қауіпсіз қашықтықты (кемінде 1 метр) және маска режимін сақтауды;
3) тұрақты және чартерлік рейстің жолаушыларын түсіруге және отырғызуға тартылған әуежай терминалдарының барлық үй-жайларын ағымдағы профилактикалық дезинфекциялауды;
4) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 2020 жылғы 26 маусымдағы №43-БМСд қаулысына 12-қосымшаға сәйкес әуежайлар жұмысының алгоритмін сақтауды қамтамасыз етсін.  

4. Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасына, Көліктегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің Атырау қаласының СКП, Атырау облысы Тауарлар мен көрсетілерін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне:

1) Атырау облысына Мемлекеттік шекара арқылы барлық өткізу пункттерінен шетелден авиарейс мен автоөтпелерден келетін барлық адамдарға міндетті түрде термометрия жүргізе отырып, санитариялық- карантиндік бақылау жүргізсін;

2) ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 2020 жылғы 2 қазандағы 54 қаулысының 2-қосымшасына сәйкес шекарадан өткеннен кейін екі сағат ішінде  деректерді Қазақстан  Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Веб-қосымшасына бере отырып, оларды сауалнамаларды тану жүйесімен өңделсін; 

3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттеріндегі санитариялық-карантиндік пункттері мамандармен, тәулік бойы  жұмыс режимін ескере отырып, жеке қорғаныш құралдарымен және дезинфекциялау құралдарымен қамтамасыз етсін;

4) көліктік бақылау бекеттерінде тасымалдаушылар мен жолаушылар арасында COVID-19-дың профилактикасы және таралуының алдын алу бойынша санитариялық-ағарту және түсіндіру жұмыстарын жүргізсін;

5) мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерінің қызметкерлеріне COVID-19-дың профилактикасы мәселелері бойынша нұсқама жүргізуді қамтамасыз етсін.

5. Атырау облысы Мәдениет және спорт басқармасына:

1) Атырау облысына шетелден келетін адамдарға қойылатын талаптардың өзгергені туралы туроператорларды хабардар етсін.

6. «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Атырау облысы бойынша филиалына:

1) шетелден анықтамасыз келген Қазақстан Республикасының азаматтарын ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық зерттеп-қарауды;

2) екі тәуліктен аспайтын мерзімде ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық зерттеп-қарау  нәтижесін беруді қамтамасыз етсін.

ІV. Демалыс  және мереке күндері келесі шектеу шаралары ұзартылсын:

1) азық-түлік супермаркеттері мен олардағы дәріханаларды қоспағанда, сауда және ойын-сауық орталықтарының (бутиктер), сауда үйлерінің, сауда желілерінің қызметін тоқтата тұруға;

2) Азық-түлік емес және азық-түлік жабық базарлардың қызметін тоқтата тұруға.

V. Теңіз аумағына бұған дейін енгізілген карантин режимі сақталсын.

VІ. Атырау облысының полиция департаментіне:

1) енгізілген қосымша шектеулерді сақтау бойынша патрульдеуді ұйымдастырсын (қоғамдық көліктердің отыратын орындар санына сәйкес толуы және бетперде режимінің сақталуы бойынша, жаппай іс-шаралар өткізу: үйлену тойлары, еске алу және т.б.), жоғарыда көрсетілген талаптардың бұзылуы немесе орындалмауы анықталған жағдайда дереу тиісті әкімшілік шараларды қабылдасын.

VІІ. Атырау облысы ішкі саясат басқармасына:

1) Атырау қаласының әкімдігімен және аудан әкімдіктерімен бірлесіп, қосымша қабылданған шаралар туралы  халықты бұқаралық ақпарат құралдары және әлеуметтік желі арқылы хабардар етсін.

VIІІ. Осы қаулының орындалуын  өзіме қалдырамын.

Атырау облысы Бас мемлекеттік санитар дәрігері А.Шаров

12 қазан 2020, 22:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.