Атырау, 2 мамыр 00:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16

Жээнбеков дереу отставкаға кетуі керек - Атамбаев

2 934 рет қаралды

Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев елдің қазіргі басшысы Сооронбай Жээнбековті тез арада отставкаға кетуге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews РИА Новости-ге сілтеме жасап.

"Сооронбай Жээнбеков (премьер - министр-ред.) Садыр Жапаровқа уәде еткендей, дереу отставкаға кетуі керек. Біз бұған бәріміз бірге қол жеткізуіміз керек. Әйтпесе, кеш болады", - деп жазды Атамбаев. 

Сооронбай Жээнбеков өкілеттігін доғарса, оның орнын кім басады?

Еске салайық, 5 қазанда Қырғызстанда елдегі парламент сайлауының қорытындысымен келіспеген азаматтар жаппай наразылық білдірген еді. Митингіге шыққандар президент әкімшілігі және парламент отыратын Ақ үйге басып кірген болатын.

12 қазан 2020, 15:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.