Атырау, 25 қараша 20:29
 ашықВ Атырау -4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Коронавирус телефон экраны мен ақша банкнотында бір айға жуық өмір сүреді

2 294 просмотра

Австралия ғалымдары Covid-19 қоздырушы вирустың банкнот, телефон экраны және тот баспайтын болат бетінде 28 күн бойы тіршілік етіп, жұқпалы болып қалатынына сендіріп отыр. Бұл туралы ҚазАқпарат BBC News агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Австралия ұлттық ғылыми агенттігі жүргізген соңғы зерттеу қорытындылары SARS-Cov-2 вирусының бұған дейін шамаланғаннан да өміршең болуы мүмкін екенін көрсетті. 

Елдің CSIRO агенттігі өткізген зерттеу вирустың мобильді телефон экраны, сондай-ақ пластик және қағаз банкнот сияқты тегіс беттерде 20°C температурада 28 күн бойы «өте тұрақты» болатынын көрсетті. Салыстырмалы түрде тұмау вирусы мұндай жағдайда 17 күн тіршілік етеді екен. 

Кардифф университеті жанындағы вирустық инфекциялар орталығының бұрынғы директоры, профессор Рон Эклс австралиялық әріптестерінің зерттеуіне сын айтып, коронавирус инфекциясын тудырушы вирустың 28 күн бойы «белсенді» болатыны туралы шамалауын тек «қоғамның үрейін ұшыратын қажеті жоқ жаңалық қана» деп мәлімдеді. 

«Вирустар әлдененің бетінде тек жөтел, түшкіру кезінде, сондай-ақ лас қолмен ұстау кезінде ғана таралады, ал бұл зерттеуде адамның шырышы вирустың таралуы құралы ретінде қарастырылған жоқ», - деді ол. 

«Менің ойымша, инфекциялық вирустар әлдененің бетіндегі шырышта бірнеше күн емес, тек бірнеше сағат ішінде сақтала алады», - деп қосып өтті Эклс. 

Шілде айында Lancet-те жарияланған мақалада Рутгерс университетінің микробиология профессоры Эмануэль Гольдман вирустың «жансыз заттар арқылы таралу мүмкіндігі өте төмен» екенін атап өткен. 

Сондай-ақ, өткен аптада Калифорния университетінің медицина профессоры Моника Ганди коронавирустың әлдененің беті арқылы таралмайтынын мәлімдеген.

12 қазан 2020, 12:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.