Атырау, 15 наурыз 02:01
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 491.29
€ 562.92
₽ 6.10

​Медициналық қалдықтарды дұрыс өртемеген

3 019 рет қаралды

Әлеуметтік желіні бақылау барысында Экология департаменті ескі қоқыс полигонының маңындағы шұңқырда медициналық қалдықтардың өртенгенін анықтады. Бір ескерілмеген жері – олар арнайы қондырғыда жағылып, жойылуы керек еді.

Экология департаментінің ресми өкілі Аслан ЖЕҢІСҰЛЫНЫҢ берген ақпараты бойынша, бұл қалдықтарды «AG Disinfection services» ЖШС өртегені анықталды.

- Жиналған материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін полиция департаментіне тапсырылды, - дейді А.Жеңісұлы.

Бүгінде ҚР ҚК 332-бабы («Жерді бүлдіру») бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Айнұр САПАРОВА

Суретті облыстық экология департаменті ұсынды

11 қазан 2020, 17:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.