Атырау, 29 наурыз 10:21
 ашықВ Атырау +10
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

​«Бұл бейнежазба нақты жағдайды бұрмалап отыр»

Бейнежазба
3 825 просмотра
Бейнежазбадан алынған кадр

Әлеуметтік желіде жылу трассасының ішінде құм аралас қоқыс жатқаны туралы бейнежазба пайда болды. Кадр сыртындағы дауыс мердігер жаңаның орнына ескі құбыр салып жіберген дейді. Бұл Нұрсая ықшамауданындағы екі жатақханаға жылу беретін желі екені анықталды.

Атырау әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қазір Нұрсая ықшамауданындағы №14 және 14 «а» тұрғын үйлеріне ыстық сумен және жылумен жабдықтау желілеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Осы 9 қабатты үйлерде балалар үйінің түлектері мен халықтың әлеуметтік осал тобы өкілдері тұрады.

– Бұл бейнежазбада нақты жағдай толығымен бұрмаланған. Өйткені бұл тамыз айында, яғни құбыр ауыстыру жұмыстарын бастаған кезде түсірілген, - деп жауап берді қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі «АЖ» сауалына. – Қазір диаметрі 100 мм және ұзындығы 2400 метр ескі құбырлар жаңасына ауыстырылды, осы учаскедегі монтаждау жұмыстары аяқталуға жақын.

– Бұл құбырларға сапа сертификаты бар ма және мердігері кім?

– Иә, мердігер «Индустрия – 2050» ЖШС-де сатып алынған құбырларға сертификат бар. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін №14 және 14 «а» тұрғын үйлері ыстық сумен және жылумен үздіксіз қамтамасыз етілетінін хабарлаймыз.

Фархат ӘБІЛОВ

Бейнежазба әлеуметтік желіден алынды

10 қазан 2020, 18:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.