Атырау, 24 сәуір 20:02
 ашықВ Атырау +13
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

​ХҚКО Сәтпаев даңғылынан Нұрсаяға көшті

Сурет
3 388 просмотра

Атырауда Сәтпаев даңғылы бойында орналасқан Халыққа қызмет көрсету орталығы Нұрсая ықшамауданы, Әбілқайыр хан көшесі, 66 мекенжайындағы жаңадан бой көтерген 6 қабатты ғимаратқа көшті. Бұл жерде барлық мемлекеттік қызмет түрлерін алуға болады. Атырау облысының әкімі Махамбет ДОСМҰХАМБЕТОВ жаңа ғимаратқа барып, қызмет көрсету сапасымен танысты.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ облыстық филиалының директоры Мұса ХАЙРУЛЛИЕВТІҢ айтуынша, жаңа ХҚКО заманауи жабдықтармен жабдықталған. Бірінші қабатта цифрлық қызмет көрсету орталығы орналасқан. Мұнда өзіне-өзі қызмет көрсету секторында бірден 30 адам қызмет ала алады. Екінші қабатта келушілерге қызмет көрсету залы жұмыс істейді, мұнда да 30 адамға дейін қызмет көрсетіледі. Залдың сыйымдылығы 100 адам. Үшінші қабатта әлеуметтік қызмет көрсету мекемелері жұмыс істейді. Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаменті төртінші қабатта орналасқан.

Бұдан басқа, ХҚКО-да халықты құжаттандыру және тіркеу секторының кеңес берушілері, дайын құжаттарды беру орны, сондай-ақ балаларға арналған шағын бөлмелер қарастырылған.

Облыс әкімі жуық арада әуежай бағытына қоғамдық көлік жұмысын ретке келтіруді тапсырды. Халыққа ыңғайлы болу үшін Баймұханов көшесі мен Азаттық даңғылы бойындағы ХҚКО бұдан әрі де жұмысын жалғастыра береді.

Естеріңізге сала кетейік, облыс әкімдігі ХҚКО жаңа ғимаратын құрылыс компаниясынан 1,3 млрд теңгеге сатып алған.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

ӨКҚ ұсынған сурет

10 қазан 2020, 18:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.