Атырау, 22 желтоқсан 17:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

«Олимптегі» кезек прокуратураның назарына ілікті

Бейнежазба
3 232 рет қаралды

Құлсары қаласындағы «Олимп» зертханасының алдына топталып адамдар жиналып, карантин шараларын ұмытқаны жөнінде бейнежазба мен суреттер тарады. Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Ануар ШАКИРОВ осыған байланысты тексеру жүріп жатқанын хабарлады.

-«Олимп» зертханасы осы дүйсенбіден бастап жаңа ғимаратқа көшкен. Әлеуметтік желіге бейнежазба шыққан бойда аудандық санитар дәрігерлер барғанда, топталған адам болмаған. Қазір аталған факт бойынша санитар дәрігерлер мен прокуратура тексеру жүргізіп жатыр. Қабылданған шешім бойынша қосымша ақпарат жарияланады, - дейді Шакиров.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Бейнежазба әлеуметтік желіден алынды

10 қазан 2020, 18:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.