Қазақстандық әйел Түркияның Анталья қаласындағы үй ауласына үш айлық баласын қалдырып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Akdenizgercek басылымына сілтеме жасап.
Бесікарбада жатқан баланы жергілікті тұрғын Сельма Мейдан тауып алған. Әйел бірден шұғыл көмек қызметіне хабарласқан. Бала ауруханаға жеткізілген.
Басылым мәліметінше, полиция баланың әкесін тапқан. Ол Түркияның 33 жастағы азаматы екен. Полицияға ер адам әйелінің ұлын не үшін тастап кеткенін білмейтінін айтты. Сондай-ақ ол прокуратура баланың анасының үстінен шағым қалдырған. Анасы - Қазақстан азаматы. Бала әкесіне табысталған.