Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков премьер-министр Кубатбек Бороновты отставкаға жіберу туралы жарлыққа қол қойды. Бұл көрші елдің үкіметі толықтай отставкаға кетті дегенді білдіреді.
Жарлыққа сәйкес, премьер-министр, бірінші вице-премьер-министр, вице-премьер-министрлер, үкімет мүшелері Қырғызстан үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін міндеттерін атқаратын болады, деп хабарлайды sputnik Қырғызстан президентінің ресми сайтына сілтеп.
Жарлық қол қойған күннен бастап күшіне енеді.
Кубатбек Боронов отставкаға кетуге өзі өтініш білдіргені хабарланып отыр.