Атырау, 6 желтоқсан 21:18
 бұлттыВ Атырау -1
$ 504.49
€ 587.73
₽ 6.57

Армения мен Әзербайжан СІМ басшылары Ресейге кеңес үшін шақыртылды

2 737 рет қаралды

Армения мен Әзербайжан сыртқы істер министрлері 9 қазанда Ресей Федерациясына Қарабақ бойынша консультация үшін шақыртылды, - деп хабарлайды Tengrinews РИА Новости-ге сілтеме жасап.

"Ресей сыртқы істер министрінің бітімгершілігі аясында Әзербайжан және Армения СІМ 9 қазанда Мәскеуге осы мәселелер бойынша консультация өткізуге шақыртылды", - делінген хабарламада. 

Сондай-ақ бейсенбі кеште РФ президенті Владимир Путин әскери қақтығысты тоқтатуға шақырды.

"Әзербайжан Республикасының президенті Ильхам Әлиев және Армения премьер-министрі Никол Пашинянмен бірнеше рет телефон арқылы сөйлескеннен кейін РФ президенті Таулы Қарабақ қақтығыс аймағында қайтыс болғандардың денесін және тұтқындарды бір-біріне беру мақсатында қақтығысты тоқтатуға шақырды", - деп жазылған хабарламада.
9 қазан 2020, 12:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.