8 қазанда Кеңес Одағының Батыры Боран Нысанбаевтың туған жері Индер ауданы, Көктоғай ауылында батыр атындағы «Әскери даңқ» музейі ашылды.
Батыр атындағы музей бұған дейін 1965 жылы мектептің бір бұрышынан ашылған болатын. Енді Мәдениет үйінен арнайы орын берілген. Музейде 300-ге жуық жәдігер сақталған.
«Әскери даңқ» музейінің меңгерушісі Нұргүл ҚУАТОВА:
- Жаңа музейдің экспозициялық көрінісі заманауи жабдықтармен, соның ішінде 3D проектормен жарақталған. Бұл жерде Боран Нысанбаев және екінші дүниежүзілік соғыс туралы екі диарама жасақталды.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ
В Атырау 0 


