
«Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің «Сыбайлас жемқорлық біз үшін емес» республикалық акциясы аясында Атырау облысының аудан әкімдері жалақысын жария етті.
Акцияға Құрманғазы, Жылыой, Махамбет, Индер, Қызылқоға және Исатай аудандарының әкімдері қосылды. Әзірге тек Мақат ауданының басшысынан жауап жоқ.
Бәрі де айына 755 485 теңге болатын бірдей жалақы алады екен. Бірақ бұл осы жылдың тамыз айынан бастап қана, ал бұрын олар екі есе аз алған.
«Атырау - адалдық алаңы» облыстық кеңсесі өкілдерінің айтуынша, қазір Атырау қаласы мен Атырау облысы әкімдеріне осындай сұраным жолданған.
Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА
В Атырау 0