Атырау, 20 сәуір 20:07
 ашықВ Атырау +20
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Атырауда мектеп асханаларын жалға алушылар «мемлекеттен көмек» алғысы келмейді

Сурет
3 114 просмотра

7 қазанда Атырауда облыстық әкімдік ғимаратының алдына қала мектептерінің асханаларын жалға алатын 10 шақты кәсіпкер әйел жиналды. Олар енді мектеп асханасының мемлекеттік-жеке серіктестік аясында жұмыс істейтіндігіне наразы, бұл оларға тек шығын келтіреді екен.

- Карантинге байланысты онсыз да шығынымыз көп, бірақ біз ешкімге шағымданған жоқпыз. Енді МЖС аясында жұмыс жасайтынымыз белгілі болды. Бізге алдын-ала ескертпеді. Бірақ бізде осы бағыт бойынша жұмыс істеу үшін қаржы салуға тағы 8-10 миллион теңгеміз жоқ. Ақшаны қайдан табамыз, биыл көп шығынға ұшырап, азық-түлік шіріп кетті, - дейді әйелдер ашуланып.

- Біз карантиннен енді шығып жатырмыз, ал әкімдіктен осындай «тосын сый» күтіп тұр екен. Бұл күтпеген жағдай болды, - дейді кәсіпкер Роза ҚҰБАШЕВА ренішпен.

Осы кезде облыстық білім беру басқармасының басшысы Сатқан ЕСЕНҒАЛИЕВ, ішкі саясат басқармасының басшысы Қанат ӘЗМҰХАНОВ, қала әкімінің орынбасары Самат ЕМБЕРГЕН әйелдермен сөйлесуге шықты.

Олар наразылық білдірушілерді әкімдікке кіруге шақырды. Онда олармен облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл ХАМЕНОВА кездесті. Кәсіпкерлер оған бұрынғыдай жұмыс істегілері келетінін білдірді. Б.Хаменова мектеп оқушыларын тамақпен қамтамасыз етуге мемлекет те қатысуы керек, өйткені әңгіме балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігі туралы болып отыр дегенді айтты. Дегенмен де ол өз қарамағындағыларға бұл мәселені шешуді тапсырып, келушілерді сұрақтарының жауапсыз қалмайтындығына, көп ұзамай оларға жауап беріп, «бірыңғай шешім» шығатынына сендірді. Алайда оның қандай болатынын болжау қиын емес.

Фархат ӘБІЛОВ

8 қазан 2020, 16:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.