Атырау, 25 сәуір 11:28
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Атырауда қала тұрғыны суға түскен баланы құтқарып алды

2 857 просмотра

"Бейбарыс көлік көпірінің астында белгісіз жағдайда кішкентай баланың Жайыққа құлап кеткені туралы кезекші пультіне хабарлама түсті. Құтқарушылар келген кезде қала тұрғыны Асанәлі ТАСҚАЛИЕВТЫҢ баланы құтқарып, ауруханаға жеткізгенін білді", - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.

Асанәлінің айтуынша, ол көпір жанында немересімен серуендеп жүргенде, екі кішкентай бала жүгіріп келіп, достарының суға құлап кеткенін айтқан. Ол баланы жағаға шығарып, алғашқы медициналық көмек көрсеткен.

- Баланың пульсін байқадым, бірден алғашқы көмек көрсетуге тырысып, ауыз қуысын тазарттым. Қолымнан келгеннің бәрін жасадым. Бала есін жиып, жылай бастады. Қатты қуанып кеттім, киіммен орап, такси ұстадым да жақын жердегі №5 емханаға апардым, - дейді Асанәлі.

Бала қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер оның жағдайы ауыр екенін, оған «мидың ісінуі» деген диагноз қойылғанын айтады.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Атырау облыстық ТЖД ұсынған суреттер

8 қазан 2020, 16:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.